Жарияланды: 70

Бірқатар аймақта терроризмге қарсы операция аяқталып, қауіптің «қызыл» деңгейі жойылды

Бірқатар аймақта терроризмге қарсы операция аяқталып, қауіптің «қызыл» деңгейі жойылды

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының 14 өңірінде жағдай тұрақталды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Осы себепті терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының аумақтарында терроризмге қарсы операцияның аяқталғанын және террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейінің жойылғаны туралы хабарлайды, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Бұл ретте Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылуда.

Тиісінше аталған өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғастырылып, террористік қауіптіліктің шекті «қызыл» деңгейі сақталуда.

Шешімді РЖШ басшысы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» № 611 жарлығының талаптарына сәйкес қабылдады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін