Бірқатар облыс прокурорлары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар облыс прокурорлары тағайындалды

Бірқатар облыс прокурорлары тағайындалды

Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Жақып Асановтың 28 тамыз 2017 жылғы  бұйрығымен бірқатар облыс прокурорлары тағайындалды.

  • 28 Тамыз 2017
  • 276
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысы прокуроры лауазымына Игембаев Құсайын Абзалбекұлы тағайындалды. Осыған дейін бұл лауазымда 2012 жылдан бері болған Бағбан Тайымбетовты Игембаев Құсайын ауыстырды.

Қарағанды облысы прокуроры болып Сексембаев Марат Исламханұлы тағайындалды. Марат Сексембаев 2016 жылдан бері осы қызметтегі Тілеуғалиев Ыбырай Әшімханұлын алмастырды.

Қостанай облысы прокуроры болып Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы тағайындалды. Тимур Сүлейменов осы лауазымда 2012 жылдан бері болған Қайбжанов Марат Жолмағанбетұлын алмастырды.

Ақтөбе облысының прокуроры болып Қайбжанов Марат Жолмағанбетұлы тағайындалды. Бұл қызметте Марат Қайбжанов осы қызметте 2012 жылдан бері болған Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлын ауыстырды. 2012 жылдан осы кезеңге дейін Қостанай облысының прокуроры қызметін атқарған.

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуроры болып Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы тағайындалды. Нұрғалым Әбдіров осы қызметте 2012 жылдан бері болған Иманов Ибраһим Әлжанұлын алмастырды.


Жамбыл облысының прокуроры болып Иманов Ибраһим Әлжанұлы тағайындалды. Ибраһим Иманов осы қызметте 2012 жылдан бері болған Сыбанкулов Ернат Мұханбетқалиұлын ауыстырды.

Атырау облысының прокуроры лауазымына Сыбанқұлов Ернат Мұхаметқалиұлы тағайындалды. Ернат Сыбанқұлов осы қызметте 2012 жылдан бері қызметте болған Тоғызбаев Ғалымжан Исатайұлын ауыстырды. 2012 жылдан бері Жамбыл облысы прокурорының лауазымын атқарды.

 

Соңғы жаңалықтар