Жарияланды: 20

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды Qazaqstan.tv -ға сілтеме жасап.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында күндіз тұман болады. 

24 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады. 

24 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне де тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Дүйсенбі Орал қаласында тұман болады, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа жетуі мүмкін. 

24 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. Дүйсенбі Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ болады. 

Бүгін Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. 24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін