Жарияланды: 80

"Біртүрлі": Керімбекова қыз ұзатқан Айдар Тұрғанбекті сынға алды

"Біртүрлі": Керімбекова қыз ұзатқан Айдар Тұрғанбекті сынға алды Сурет - Stan.kz

"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбектің қыз ұзатқанына әріптестері де көз үйрете алмай жүр. Мәселен, Ақбота Керімбекова ер азаматтың қызды шығарып салғаны ерсі көрінеді, дейді. Ал Мақсат Базарбаев бұл пікірмен келіспейді. 

Бұл туралы Stan.kz "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Білмеймін, біртүрлі сияқты. Мен бірақ көрмедім. Не нәрсеге болса да көз үйренеді ғой. 1-2 рет көрген соң үйренеді. Ғаламторды ашып қалғанда басында "не сұмдық?" деген нәрселерге көре-көре көз үйреніп жатыр. Дәл қазіргі көзқарасымда біртүрлі, әрине. Оған да үйренетін шығармыз", - дейді Ақбота.

Ал Мақсат Базарбаев мұнымен келіспейді. Оның пікірінше, қарындастарына өсиет айтып, шығарып салуды көздеген Айдардың әрекетінде ағаттық жоқ.

"Ұзата ма, ұзата берсін. Ол - өнер адамы ғой, халықтың алдында жүрген азамат. Көшеден келіп, біреу ұзатып жатқан жоқ. Мұнысы дұрыс емес деп ақыл айтатындай қатты ақылды адам емеспін. Өзіме жететін ақылым бар", - дейді ол. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін