Жарияланды: 550

Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдердің президенттері жоғары дәрежелі топқа Кеңістікті құруға бағытталған негізгі шаралар кешенін дайындау жөнінде тапсырма берді

Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдердің мемлекет басшылары бас қосуының қорытындысына сәйкес әрі Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімге қол қойылуына байланысты туындайтын мақсаттарды шешу үшін президенттер жоғары дәрежелі топқа Кеңістікті құруға бағытталған негізгі шаралар кешенін жасап, оны 2003-жылдың 1-желтоқсанына дейін қол қоюға тапсыру жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы Қазақстандағы Украина елшілігінен бүгін,

22-қыркүйекте таратқан хабарламада айтылған. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 18-19-қыркүйекте Ялтада ТМД және Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдердің мемлекет басшыларының саммиті өтіп, онда Қазақстан, Беларусь Ресей және Украина мемлекет басшылары Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімге, осы жөніндегі тұжырымдама мен президенттердің мәлімдемесіне қол қойды. Ал ТМД саммитінде талқыланған басты тақырыптарға келсек, Достастыққа мүше-мемлекеттер арасындағы экономика саласындағы ықпалдастықты күшейту, ТМД аясында толыққанды еркін сауда аймағын құруды аяқтау мәселелеріне баса назар аударылды. Атап айтсақ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер президенттерінің мәлімдемесінің жобасы жасалып, бекітілумен бірге, мемлекет басшылары кеңесінің шешімі мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2003-2010-жылдардағы экономика саласындағы қарым-қатынасын дамыту және оның тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды шараларды жүзеге асыру жоспары қабылданды. Мәлімдемеде ТМД аясындағы көп жақты ынтымақтастықты дамыту және оны тереңдетуде еркін сауда аймағын құрып аяқтау және оның тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау - бұлтарыссыз басымдықтардың ең маңыздысы деген тәртіп дәйектелді. Сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы "Игла" және "Стрела" үлгілі көшпелі зенитті зымырандық кешендер саудасына бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі шешім жобасы бекітілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть