Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдердің президенттері жоғары дәрежелі топқа Кеңістікті құруға бағытталған негізгі шаралар кешенін дайындау жөнінде тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдердің президенттері жоғары дәрежелі топқа Кеңістікті құруға бағытталған негізгі шаралар кешенін дайындау жөнінде тапсырма берді

Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдердің президенттері жоғары дәрежелі топқа Кеңістікті құруға бағытталған негізгі шаралар кешенін дайындау жөнінде тапсырма берді

Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдердің мемлекет басшылары бас қосуының қорытындысына сәйкес әрі Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімге қол қойылуына байланысты туындайтын мақсаттарды шешу үшін президенттер жоғары дәрежелі топқа Кеңістікті құруға бағытталған негізгі шаралар кешенін жасап, оны 2003-жылдың 1-желтоқсанына дейін қол қоюға тапсыру жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы Қазақстандағы Украина елшілігінен бүгін, 22-қыркүйекте таратқан хабарламада айтылған.

  • 22 Қыркүйек 2003
  • 532
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 18-19-қыркүйекте Ялтада ТМД және Біртұтас Экономикалық Кеңістікке мүше елдердің мемлекет басшыларының саммиті өтіп, онда Қазақстан, Беларусь Ресей және Украина мемлекет басшылары Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімге, осы жөніндегі тұжырымдама мен президенттердің мәлімдемесіне қол қойды.

Ал ТМД саммитінде талқыланған басты тақырыптарға келсек, Достастыққа мүше-мемлекеттер арасындағы экономика саласындағы ықпалдастықты күшейту, ТМД аясында толыққанды еркін сауда аймағын құруды аяқтау мәселелеріне баса назар аударылды. Атап айтсақ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер президенттерінің мәлімдемесінің жобасы жасалып, бекітілумен бірге, мемлекет басшылары кеңесінің шешімі мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2003-2010-жылдардағы экономика саласындағы қарым-қатынасын дамыту және оның тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды шараларды жүзеге асыру жоспары қабылданды.
Мәлімдемеде ТМД аясындағы көп жақты ынтымақтастықты дамыту және оны тереңдетуде еркін сауда аймағын құрып аяқтау және оның тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау — бұлтарыссыз басымдықтардың ең маңыздысы деген тәртіп дәйектелді.
Сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы «Игла» және «Стрела» үлгілі көшпелі зенитті зымырандық кешендер саудасына бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі шешім жобасы бекітілді.

Соңғы жаңалықтар