Жарияланды: 260

Биржа нарығында бірқатар құлдыраулар орын алуда

Биржаларда да баға құлдырап жатыр. Әсіресе, Таяу Шығыс және Азия елдерінің қаржы орталықтары қатты шығын көруде. Мәселен, Дубай биржасы бір күнде бірден 7 пайызға түсім байқалған. 

Мұнда ай басында мұнай бағасының баррелі 68 доллардан сатылса, кеше 45 долларға бір-ақ түскен. Оның үстіне, рейтинг агенттіктері Біріккен Араб әмірліктеріндегі сауда-саттыққа төмен баға беріп, инвесторларды шошытып отыр. Төмен нәтиже Токио мен Гонконг биржаларында да байқалуда. Жапон астанасында 2 жарым пайыз түсім болса, Гонконг қаржы орталықтарында 3 пайызды құраған. Бұл Азия нарығында 30 жылдан бірі тіркелмеген құбылыс екен. Экономистер бұған, әрине - Шанхай индексінің әлсіреуін басты себеп деп отыр. Яғни Қытай сауда-саттығы соңғы аптада 8 пайызға құнсызданған. «Bloomberg-тің» ақпаратына қарағанда, биржаның осы жолғы төмендеуінен әлемде 400-ге жуық бай-бағлан шығын көріп, барлығын қоса есептегенде, олар 182 миллион АҚШ долларынан қағылыпты.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін