Бишімбаевтың адвокаттары туралы не белгілі? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаевтың адвокаттары туралы не белгілі?

Бишімбаевтың адвокаттары туралы не белгілі?

Салтанат Нүкенованың азаматтық некедегі күйеуіне қатысты сот әлі де жалғасып жатыр. Ол әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған.

  • 15 Сәуiр
  • 24
Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы шенеунік ақталып шығу үшін бір емес, үш адвокат жалдаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Олар жайлы елге не белгілі?

Назкен Құсайынова 2008 жылдан бері Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты. Ол алдымен халықаралық журналистика мамандығын, одан кейін құқықтануды бітірген. КТК арнасында, «Жас Алаш» газетінде жұмыс жасаған. 

Соңғы жылдары бірнеше шулы процестерді жүргізген. 

2019 жылы 11 жасар Лиза Пылаева есімді кішкентай қыз жұмбақ жағдайда қайтыс болады. Құсайынова күдікті Ольга Шмакованың қорғаушысы болған. 

2019 жылы Алматы марафоны кезінде «Шындықтан қаша алмайсың» деп плакатпен жүрген активист Сүйінбике Сүлейменованың адвокаты болды. 

2023 жылы ең шулы істердің бірін жүргізді. Екі заңгерді соққыға жыққан Даулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың қорғаушысы болды. Черновтар отбасы бұл істі жеңді. Тұрлыхановтың ұлы 500 АЕК төлеуге міндеттелді. 

Ал қазіргі таңда өздеріңіз білетіндей, атышулы, қоғамдық резонанс тудырған, әлемді дүрліктіріп отырған айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы. Бұл іс бойынша қорғаушылар халық арасында жан-жағынан танылды. Бірі күлсе, екіншілері наразы. 

Анна Чернова Pro.pravo.kz парақшасында Назкен Құсайынованың соттағы әрекетін сынады. Ол Салтанат Нүкенованың құрбыларын қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады. Оның себебі құрбылары марқұмның денесіндегі жарақаттарын көре тұра, полицияға хабарламаған. Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тек үш жағдайда тартылады: 

— кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық қылмысы дайындалып жатқаны немесе жасалғаны нақты белгілі болса;

— аса ауыр қылмыс жасалғаны белгілі болса;

— лаңкестік әрекет дайындалып жатқаны туралы нақты белгілі болса.

Оның алдындағы сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары «Аса қатігездікпен кісі өлтіру» бабын «Абайсызда кісі өлтіру» бабына өзгертуді, сондай-ақ қылмыстық істен фото-видео айғақтарды алып тастауды сұраған. Судья Айжан Құлбаева өтініштерін қанағаттандырмады. 

Ерлан Ғалымжанов – Ресей Федерациясының азаматы. 14 жылдан бері Қазақстанда тұрады. Астана қалалық адвокаттар алқасының мүшесі. Ол бұрын істі болған. Салдарынан 2020 жылы Ғазымжанов адвокаттық лицензиясынан айырылды. Мамыр айында Ғалымжановтың апелляциялық шағымы оның адвокаттық лицензиясынан айыру туралы шешімін жойғанын хабарлады. Ол да бірнеше белгілі істерді жұргізген. 2016 жылы медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровты өлтірді деген күдіктілердің бірін қорғады. 2018 жылы ол алаяқтық жасады деп айыпталған кәсіпкер Ерлан Алшынбаевтың мүддесін қорғаған. Алшынбаев алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. 

Қазір ол Бишімбаевтың қорғаушыларының бірі. Өткен сот отырысында ол судьяны алып тастауды сұрады. Біршама уақытқа үзіліске кеткен соң, судья да, қорғаушылар да ешқандай мәлімдеме жасамады. Сот отырысы жалғасты.

Ләйлә Рамазанова – Бишімбаевтың үшінші қорғаушысы. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Рамазанова Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. 2011 жылдан бері Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі.  Ол туралы басқа ақпарат жоқ. Дегенмен 2022 жылы БАҚ құралдарында есімі жиі аталған. Ол кезде Рамазанова оның ізіне біреулер түсіп, бірнеше күн аңдып жүргенін хабарлаған еді. 

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  

Кезекті сот отырысы бүгін жалғасын табады. 11сәуір күні Бишімбаевтың туысы, кісі өлімі болған «Гастро-орталық» директоры Бақытжан Байжанов сот алдында жауап берді. Ол берген жауабында Бишімбаев қорқытқанын, сондай-ақ қысым жасағанын мәлімдеді. Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары бұл сөздің рас-өтірігін тексеру үшін жазылған аудиожазбаны тыңдап тексеруді ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар