Бишімбаевтың ісі тек кісі өлтіру емес, шенеуніктер білгенін істеп, судьялар ақша үшін "ақтап" шығатын жемқорлықтың көрінісі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаевтың ісі тек кісі өлтіру емес, шенеуніктер білгенін істеп, судьялар ақша үшін "ақтап" шығатын жемқорлықтың көрінісі

Бишімбаевтың ісі тек кісі өлтіру емес, шенеуніктер білгенін істеп, судьялар ақша үшін "ақтап" шығатын жемқорлықтың көрінісі

Жемқорлықтың салдарын күн сайын көріп жүрміз. Дамбалар, жолдар, ЖЭС кұбырлары бұзылып, құлап жатыр.

  • 23 Сәуiр
  • 41
Фото: margulan_seissembai

Тіпті атышулы Бишімбаевтың ісі де жай ғана тұрмыстық зорлық-зомбылық және кісі өлтіру емес, шенеуніктер білгенін істеп, ал судьялар кінәліларды ақша үшін «ақтап» шығатын біздегі жемқорлықтың көрінісі. Бұл пікірді бегілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қазақстан өте бай ел. Алайда біздің бар байлығымызды жемқорлық жеп жатыр. Жемқорлық біздің өміріміз бен бостандығымызға қауіп төндіріп, мойнымызға үлкен салық артып қойған. Ал есесіне түк те бермейді. Өкінішке орай, жемқорлық Қазақстанда жүйеге айналды. Жемқорлық қатерлік ісік сияқты, оны жай ғана күреспен, не шенеуніктерді түрмеге отырғызумен жеңе алмаймыз»-, деді Марғұлан Сейсембай.

«Жемқорлықты жою — Қазақстан 2030, Рухани жаңғыру сияқты кез-келген экономикалық бағдарламалардан әлдеқайда тиімдірек.

Жемқорлықты жою арқылы елімізге триллиондаған теңге пайда әкеліп, барлық азаматтарымыздың өмір сапасын көтере аламыз. Жемқорлықты жоюдың қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп жату артық. Ендігі мәселе: Оны қалай жоямыз?

Жемқорлықпен күресетін көптеген құралдар бар. Бірақ, егер жемқорлық жайлы ескерту немесе оны болдырмау механизімдері жұмыс істемесе, жай ғана күрес тиімсіз. Кез-келген күрес тек болған жемқорлық үшін жазаны қарастырады. Алайда, бұл жаза өте ауыр болмаса, оның ескерту немесе болдырмау әсері болмайды. Жазаның ауырлығы көп жағдайда тек ескертумен шектеледі. Жаза ауыр болса, қылмыс та аз жасалады.

Исламда, шариғатта ұрлық жасағаны үшін ұрының қолын кесіп тастайды. Бұл мүсылмандар қатігез болғандықтан деп ойлайсыз ба? Жоқ! Бұл жаза басқалардың ұрлыұқа бармауы үшін қолданатын жаза түрі.

Жемқорлық үшін өлім жазасы бар Қытай немесе Вьетнамды алайық. Неліктен олай?

Жемқорлар зиян келтіргені үшін өлтіреді ме? Жоқ. Бір адамның жемқорлығы қорқынышты емес, ал олар көп болса, бұл ел үшін үлкен қасірет.

Мысалы Еуропадағы автобус немесе пойыз жүргізушілерсіз өзі автоматтандырылған. Бақылаушылар бар, олар тек билетті таңдап тексереді. Билеттері қымбат емес, бірақ билетсіз жүргеніңіз анықталса, айыппұл өте үлкен. Оны билеттің құнымен салыстыруға келмейді. Мені ұстап алмады деп, билетсіз жүре бермейсіз. Айыппұл билет бағасын өтеу емес, тәртіп сақтауда.

Жемқорлықпен күрестің екінші құралы — жазаның орындалмай қалмайтындығы.

Өкінішке орай, қазіргі жүйеде жұмыс істейтін адамдарға қатысты мұны қамтамасыз ету қиын.

Ол үшін жаңа, еш жерде жамандық жасап көзге түспеген, жүйелі жемқорлықпен уланбаған адамдарды жинау керек. Өйткені олар жемқорлықтың не екенін, қалай жұмыс істейтінін білмейді.

Бұл құралдарды қоғамға енгізу үшін, бір қоғам болып, жемқорлық жасағаны үшін тағайындалатын жазаны ауырлатуды талап етуіміз керек.

Мен өлім жазасына қарсымын, бірақ өмір бойы бас бостандығынан айыруды қос қолдап қолдаймын. АҚШ-та 100, 150 жылдан да көп уақыт береді ғой. Біз де тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жазаны ауырлатуды талап еткендей, жемқорлық үшін берілетін жазаны ауырлатуды талап етуіміз керек», -деген ой айтыпты танымал кәсіпкер Сейсембаев.

Соңғы жаңалықтар