Жарияланды: 250

Бишімбаевтың қамау мерзімі 20 қазанға дейін ұзарды

Бишімбаевтың қамау мерзімі 20 қазанға дейін ұзарды

Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі 20 қазанға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астананың Алматы аудандық № 2 соты күдікті Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімін бір айға - 2017 жылдың 20 қазанынан дейін ұзартты", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. "Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.

8 айға жуық министр болған Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалған еді.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін