«Бішкек-Екатеринбург» бағытына қатынайтын пойыздың жолсеріктері құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бішкек-Екатеринбург» бағытына қатынайтын пойыздың жолсеріктері құрықталды

«Бішкек-Екатеринбург» бағытына қатынайтын пойыздың жолсеріктері құрықталды

Солтүстік Қазақстан облысында Бішкек-Екатеринбург бағытына қатынайтын пойызда халық тұтыну тауарларын жасыратын құпия орындар табылды.

  • 4 Шiлде 2014
  • 417
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жұма күні еліміздің ҰҚК Шекара қызметінен хабарлады.

«Петропавл шекара жасағы «Мамлютка» (теміржол) шекаралық бақылау бөлімінің қызметкерлері Бішкек-Екатеринбург бағытына қатынайтын №3 пойызды тексеру барысында 1500 келіге жуық халық тұтыну тауарларын тауып алды. Контрабандалық тауар вагонның ішкі қаптамасы мен желдеткіштің шахтасына жасырылған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Контрабандалық тауарларды тасымалдағаны үшін вагон жолсеріктері тұтқындалды. Олардың екеуі де Қырғызстан азаматы.