Бішкек-Ош жолында болған жол апатынан Тәжікстанның бес азаматшасы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкек-Ош жолында болған жол апатынан Тәжікстанның бес азаматшасы қаза тапты

Бішкек-Ош жолында болған жол апатынан Тәжікстанның бес азаматшасы қаза тапты

Бішкек-Ош күре жолында болған жол-көлік апаты салдарынан Тәжікстанның бес азаматшасы қаза тапты, деп хабарлайды  КирТАГ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Мамыр 2015
  • 409
Фото - Caravan.kz

«11 мамыр күні сағат 13:35-те Бішкек-Ош күре жолының 471-ші шақырымында Аudi-100 және Audi -C-4 көліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам мерт болды», — деп мәлім етті ТЖМ-нен.

Ведомствоның деректеріне қарағанда, тағы үш адам жарақаттанған.

Қаза тапқан төрт адамның тұлғалары анықталды: ол 51 жастағы Бабихатик Тарбалантова, 46 жастағы Санобар Радзапова, 55 жастағы Содат Сафарова, 51 жастағы Бибисор Мелибаева, барлығы Тәжікстан азаматшалары.

Тағы екі жолаушы мен Audi -C4   көлігінің жүргізушісі ауруханада жатыр.