«Қырғызстанда Әзербайжан елшілігінің ашылу дерегі екі жақты қарыс-қатынастардың деңгейін көтеріп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық айналымды арттыру тетігіне айналмақ», — деп мәлімдеді бүгін Қырғызстан СІМ Эднан Қарабаев Әзербайжан Республикасының Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Агаев Ариф Агагулы оглымен кездесу барысында.
Дипломат Э. Қарабаевқа сенім грамотасының көшірмесін табыс етті. Агаев Ариф Агагулы оглы Әзербайжан Республикасының Қырғызстандағы тұңғыш төтенше және өкілетті елшісі болмақ. Елшілік ғимараты Бішкекте ашылады.
Сұхбат барысында сыртқы істер министрі Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің Әзербайжан президентінің шақыруымен жасайтын ресми сапары 2008 жылғы сапарлар кестесіне қамтылатындығын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті