Бішкекте ЕурАзЭҚ ынтымақтастық комитеті жанындағы энергетикалық саясат жөніндегі кеңесінің 12 отырысы өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте ЕурАзЭҚ ынтымақтастық комитеті жанындағы энергетикалық саясат жөніндегі кеңесінің 12 отырысы өткізіледі

Бішкекте ЕурАзЭҚ ынтымақтастық комитеті жанындағы энергетикалық саясат жөніндегі кеңесінің 12 отырысы өткізіледі

Бішкек. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін - Бішкекте 30 мамырда ЕурАзЭҚ ынтымақтастық комитеті жанындағы энергетикалық саясат жөніндегі кеңесінің 12 отырысы өткізіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Мамыр 2008
  • 457
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, отырыс жұмысына Ресей, Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстанның министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысады. Олар ЕурАзЭҚ -мүше мемлекеттері ынтымақтастығын одан әрі нығаю мәселелерін, энергетикалық жалпы нарықты құру жобасының тұжырымдамасын және 2008-2010 жылдарға арналған бірлескен отын-энергетикалық балансы жобасын қарастырады. Күн тәртібіне сондай-ақ Орталық Азия аймағының су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану міндеттері де кіргізілген.

Баспасөз қызметі еске салғанындай, кеңес 2001 жылы құрылып, оған ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің ірі энергетикалық компаниялары мен энергетиканы басқару органдарының жетекшілері кіреді. Кеңестің негізі мақсаты- ынтымақтастық мемлекеттердің отын энергетикалық мүмкіндігінің тиімділігін көтеру және тұрақты қуат көздерімен қамтамасыз ету.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті