Бішкекте Қазақстан елшілігінің алдында наразылық акциясы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте Қазақстан елшілігінің алдында наразылық акциясы өтті

Бішкекте Қазақстан елшілігінің алдында наразылық акциясы өтті

Бішектегі Қазақстан елшілігінің алдында 20-25 адам қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты наразылық акциясын өткізген, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

  • 26 Қазан 2017
  • 272
Фото - Caravan.kz

"Шын мәнінде, бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30 кезінде Бішкектегі Қазақстан елшілігінің жанында 20-25 адамның қатысуымен пикет өтті. Акцияға қатысушылар елшілік қызметкерлеріне Қазақстан басшылығының атына қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы жазылған петиция тапсырды", — деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Олардың атап өтуінше, қырғыз халқы екі елдің шекарасындағы жағдай туралы теріс ақпараттандырылған. 

"Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары 18 қазанда Астанада өткен кездесуде бірінші кезекте шекарадан жеке жүгі бар адамдарды, жолаушы автобустарын, жеңіл автокөлікерді, бос жүк көліктерін өткізу туралы келісімге келді. Бұл келісім орындалып жатыр", — деп еске салды Сыртқы істер министрлігі. 


 

Соңғы жаңалықтар