Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Бішкек қаласына сапары барысында Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиевпен, премьер-министрдің міндетін атқарушы Алмазбек Атамбаевпен және Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Эднан Қарабаевпен кездесулері жоспарланған.
Э. Қарабаев пен М. Тәжин екі жақты ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда, «саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда өзара ықпалдасу, сондай-ақ, 2006-2007 жылдары ең жоғарғы және жоғары деңгейлердегі ресми сапарлар қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы туралы мәселелерді» қарастырады деп күтілуде, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
«Министрлер кеңесі Қырғызстан Республикасының және Қазақстан Республикасының Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің ұйымдастырушы органы болып табылады. Ол үстіміздегі жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанға сапары барысында құрылған», — деп түсіндірді Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті