Бішкекте қыс ортасында жылу жүйесі істен шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте қыс ортасында жылу жүйесі істен шықты

Бішкекте қыс ортасында жылу жүйесі істен шықты

Қырғызстанның Премьер-министрі Сапар Исақов пен Бішкектегі жылу тасымалдау жүйесін қалпына келтіру бойынша жедел штаб жетекшісі Асқарбек Шадиев жүргізіп жатқан жұмыстарды тексерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Kabar агенттігіне сілтеме жасап.

  • 28 Қаңтар 2018
  • 215
Фото - Caravan.kz

Ұлттық энергохолдингтің басқарма төрағасы Айбек Қалиев Қырғызстан Үкімет басшысына ЖЭО жұмыстары жайлы есеп берді. Оның айтуынша, қазір стансада қалпына келтіру жүргізілуде. ЖЭО-ға қосымша жылу агрегаты қосылған. Алдағы тәуліктердің ішінде «Бішкекжылужүйесі» мекемесінің барлық абоненттері біртіндеп қалыпты температураға орала бастайды. Премьер-министр Сапар Исақов 27 қаңтар күні ЖЭО-ны аралап көріп, жағдаймен танысты. Айбек Қалиевтің айтуынша, апатқа себеп агрегаттардың ескіруі. Қытайдан әкелінген жаңа құрылғының арқасында ЖЭО- толықтай істен шығудан аман қалған. Премьер-министр жауапты орындарға нақты тапсырмалар берді. «Қыстың ең суық күндерінде жылу орталығының істен шығуына кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылады», — деді ол. Сонымен қатар, Сапар Исақов жылыту бекеттерін ұйымдастырып, мұқтаж адамдарды қажетті заттармен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.