Бішкекте ТМД елдерінің темір жол көлігі кеңесінің отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте ТМД елдерінің темір жол көлігі кеңесінің отырысы өтуде

Бішкекте ТМД елдерінің темір жол көлігі кеңесінің отырысы өтуде

Душанбе. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Бішкек қаласында ТМД елдерінің темір жол көлігі кеңесінің 48-отырысында халықаралық қоғамдастықтағы тасымалды ұйымдастыруды жақсарту шаралары талқылануда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Мамыр 2008
  • 532
Фото - Caravan.kz

Отырыста алдыңғы отырыста қабылданған шешімдердің орындалу барысы, 2007 жылдың қорытындысы, жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы кестесінің жасалу барысы, сондай-ақ, жүк пойыздары мен контейнерлі вагондарды қалыптастыру жоспары, 2008-2009 жылдарға арналған халықаралық қатынастардағы вагондардың жүру тәртібі қаралады.

«Сонымен қатар, 2007 жылғы контейнерлер санағы мен 2008 жылғы вагондарды дайындау қорытындысы шығарылады. Сондай-ақ, Қытайда шығарылған вагондарды сертификаттау мәселесі талқыланады», — деп хабарлады «Тәжік темір жолы» кәсіпорынының халықаралық байланыс бөлімінің бастығы Нематулло Назаров.

Темір жол көлігінің кеңесі 1992 жылы құрылған болатын. Оның басты мақсаты -темір жол көлігінің жұмысын халықаралық деңгейде үйлестіру, ТМД елдері арасындағы көліктік-экономикалық байланыстарды дамыту, қажетті нормативтік құжаттарды жасау. Кеңес отырысына, әдеттегідей, ТМД елдерінің 11 мемлекетінің темір жол басшылары мен кеңестің қауымдасқан мүшелері Болгария мен Латвия елдерінің өкілдері қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті