Бішкектегі Айзаданың өлімі: Қыздың алдымен зорланғаны мәлім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкектегі Айзаданың өлімі: Қыздың алдымен зорланғаны мәлім болды

Бішкектегі Айзаданың өлімі: Қыздың алдымен зорланғаны мәлім болды

Бішкекте биыл сәуірде ұрланып, кейін өлі табылған қыз зорланғаны белгілі болды. 

  • 4 Мамыр 2021
  • 381
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. 

Бішкек ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, соталды тергеу алдымен ҚК-нің 175-бабы ("Некеге тұру мақсатында адам ұрлау") бойынша тіркелген, кейіннен жиналған материалдарға сәйкес қайта қаралған.

"ҚК-нің 170-бабына ("Адам ұрлау") өзгертілді, сондай-ақ күдіктіге ҚК-нің 170-бабы ("Адам ұрлау"), 161-бабы ("Зорлау") және 130-бабында ("Адам өлтіру") көзделген қылмысты жасады деген күдік бары сырттай хабарланды", — деді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі іс Бішкектің Первомай аудандық сотының қарауында жатыр.

"Одан бөлек, Бішкек қаласы ҚР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басқармасы милицияның жекелеген қызметкерлеріне қатысты ҚК-нің 331-бабы ("Немқұрайдылық") бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", — делінген хабарламада.


Еске салайық, 5 сәуірде Бішкекте Айзада есімді қыз жұмысқа бара жатқанда ұрланған болатын. 2 күннен кейін қыз бен оны ұрлаған адам өлі табылды.

Ер адам оны футболкамен тұншықтырып, содан кейін өзін-өзі өлтіргені хабарланды.

Осы іс бойынша бес күдікті ұсталды.

Соңғы жаңалықтар