Жарияланды: 30

Биыл 1000-нан астам ауыл жылдамдығы жоғары мобильді интернетпен қамтылады

Биыл 1000-нан астам ауыл жылдамдығы жоғары мобильді интернетпен қамтылады

Жыл соңына дейін 1000-нан астам ауыл жылдамдығы жоғары мобильді интернетпен қамтылады.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтың Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Байланыс операторларымен өткізген бірқатар кездесулердің нәтижесінде маңызды құжатқа қол қойдық. Тұрғын саны 250 және одан да көп ауылдарға жоғары жылдамдықты мобильді интернетті жүргізудің жоспар-кестесін құрып, оны барлық өңірлермен келістік.
Еліміз үшін маңызы зор жобаны операторлар өз қаражаты есебінен іске асырады. Бұл ауыл тұрғындары сапалы мобильді интернетпен қатар, электрондық қызметтерді, қашықтықтан оқыту және т.б. пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Елбасы және ел Президенті елді мекендерді сапалы байланыс қызметтерімен қамту жөнінде тапсырма берді. Бұл міндеттің "Нұр Отан" партиясының сайлауалды бағдарламасына енгенін өздеріңіз білесіздер.

Осы жобаны жүзеге асыру үшін бүгін "Қазақтелеком" АҚ,"Кселл" АҚ," Мобайл телеком-
сервис" ЖШС және" Кар-Тел" ЖШС меморандумға қол қойды. Байланыс операторлары ауылдық елді мекендерді мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету үшін желілерді бірлесіп құруға және жиіліктерді пайдалануға уағдаласты. Жауапты міндет үшін күш-жігер біріктіру - өте дұрыс шешім деп ойлаймын.

Операторлар жобаның картасын жақын арада жасауға уәде берді. Картаның көмегімен жобаның жүзеге асырылуын қадағалай аламыз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін