Жарияланды: 30

Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды Сурет - Gov.kz

2020 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанды.

10 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,6%-ды және зейнеткерлер 10,5%-ды құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін