Биыл 600 мыңға жуық бухгалтер, заңгер, орманшы мен кітапханашының айлығы 20% өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл 600 мыңға жуық бухгалтер, заңгер, орманшы мен кітапханашының айлығы 20% өседі

Биыл 600 мыңға жуық бухгалтер, заңгер, орманшы мен кітапханашының айлығы 20% өседі

Биыл бірқатар мамандық иелерінің жалақысы көтеріледі.

  • 11 Қаңтар 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

2023 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне слітеме жасап.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% кезең-кезеңімен арттыру жалғасады.

Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.


Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды.

Соңғы жаңалықтар