Биыл алғаш рет аса ауыр қылмыс жасағандар да рақымшылыққа ілігеді – Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл алғаш рет аса ауыр қылмыс жасағандар да рақымшылыққа ілігеді – Бас прокуратура

Биыл алғаш рет аса ауыр қылмыс жасағандар да рақымшылыққа ілігеді – Бас прокуратура

Елiмiзде алғаш рет аса ауыр қылмыс жасағандар да рақымшылыққа ілігеді. Бұл туралы Мәжiлiсте журналистерге берген сұхбатында ҚР Бас проку

  • 2 Желтоқсан 2016
  • 1221
Фото - Caravan.kz

Елiмiзде алғаш рет аса ауыр қылмыс жасағандар да рақымшылыққа ілігеді. Бұл туралы Мәжiлiсте журналистерге берген сұхбатында ҚР Бас прокурорының бiрiншi орынбасары Иоганн Меркель мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. Атап өтсек, бүгiн Мәжіліс рақымшылық жасауға қатысты заң жобасын жұмысқа қабылдады.

И.Меркельдiң айтуынша, осы жолғы рақымшылықтың өткен рақымшылықтардан айырмашылығы бар. Бұған дейін ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмай келсе, жаңа Қылмыстық кодексте бұған мүмкiндiк берiлген. Бұл жағдайда қылмыскерлер толық босатылмайды, тек олардың жазасы қысқартылады. Ауыр қылмыстар бойынша жаза 1/4-ке, аса ауыр қылмыстар бойынша 1/5-ке қысқарады.

«Дегенмен, рақымшылыққа тыйым салынған баптар да бар. Оларға адам өлiмi, террористiк және экстремистiк қылмыстар, қылмыстық топта жасалған рецидив, аса ауыр рецидив пен басқа да қоғамға қауiптi қылмыстар жатады. Яғни, әлеуметтiк қаупi жоқ адамдар ғана босатылады. Бiз келесi жылы ЭКСПО-2017 мен Алматыда шаралар өткiземiз. Егер бiз аса ауыр қылмыс жасағандарды босатсақ, бiзге ешкiм келмейдi, бұны да ескеру керек», — дедi И. Меркель.

Еске салсақ, бүгiн Мәжiлiс депутаты Нұрлан Дулатбеков осы жолғы рақымшылық тәуелсiздiк жылдарындағы тоғызыншысы екенiн айтқан болатын.


«Тәуелсiздiктiң 25 жылдығында елiмiзде тоғыз рет рақымшылық жасалған. Биылғы рақымшылықтың ерекшелiгi — ол Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығымен тұспа-тұс келуi. Қоғамда бiздiң азаматтарымыз қылмыс жасады, кiнәлi болып танылды, бiрақ үлкен мерекенiң алдында осындай рақымшылық жасалмақ. Рақымшылық жалпы түрде жасалады, нақты бiр фамилияларға, бiр адамдарға бағытталмайды. Нақты қандай қылмыстарға бағытталуы керек соны ендi талқылаймыз», — дедi Н.Дулатбеков.

Соңғы жаңалықтар