Биыл Алматыда 39 балабақша жөнделеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Алматыда 39 балабақша жөнделеді

Биыл Алматыда 39 балабақша жөнделеді

Алматы. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Биыл Алматыда 39 балабақша жөнделеді. Бұл туралы агенттік тілшісіне берген сұхбатында білім департаментінің бас маманы Людмила Сейілова хабарлады.

  • 24 Маусым 2008
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Биыл 39 балабақша жөнделеді. Бұл мақсатқа 1 млрд 108 млн 636 мың теңге бөлінген. Бізде балабақшалар 90-шы жылдардан бері жөнделген жоқ, бұл жұмысқа тек 2005 жылы ғана кіріскен, онда да жылына 5-6 балабақша ғана жөндеуден өткізілетін. Биыл олардың саны — 39», — деді Л. Сейілова.

Қазір балабақшалардағы бес жасқа дейінгі балалар тек ата-анасының есебінен ғана тәрбиеленуде. Олар азық-түлік, коммуналдық қызметтер мен топ қызметкерлерінің жалақысын төлейді. Орта есеппен қала бойынша балабақшаға бару құны 15-16 мың теңгеге тең. «5 жастан бастап баланың ата-анасы тек азық-түлік шығындарын ғана төлейді, бұл шамамен 6-7 мың теңге. Бұрын азық-түлік құны 3,5 — 4 мың теңге болса, қазір ол қымбаттады», — деді Л. Сейілова.

Қазір Алматыда 159 балабақша жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті