Биыл Астанада жаңа 11 балабақша ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл Астанада жаңа 11 балабақша ашылады

Биыл Астанада жаңа 11 балабақша ашылады

Қазіргі уақытта Астанада 2 420 орындық 11 балабақша салынып жатыр. Олардың құрылысы 2014 жылы аяқталады. Бұл туралы astana.kz сайты жазады.

  • 13 Маусым 2014
  • 391
Фото - Caravan.kz

Балабақшалар келесі мекенжайлар бойынша орналасады:

1. Түркістан — Орынбор — №25 — №26 көшелерінің қиылысында 200 орындық балабақша — пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қазан айы;

2. Түркістан, Керей, Жәнібек хандар және Орынбор көшелерінің шаршы алаңында 240 орындық балабақша — пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қыркүйек айы;

3. Сауран және №24 көшелердің қиылысында 240 орындық балабақша — пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы 30 маусым;

4. Алматы-Ақмешіт көшелерінің қиылысында 240 орындық балабақша — пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы 30 маусым;

5. Айнакөл және Л.Мирзоян көшелерінің қиылысында — пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қазан айы;

6. Айнакөл және М. Жұмабаев көшелерінің қиылысында 240 орындық балабақша -пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қазан айы;

7. Ж.Нажімеденов, Л.Мирзоян көшелерінің қиылысында 240 орындық балабақша — пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы 30 шілде;


8. Балалар тәулік бойы болатын Көктал-2 елдімекеніндегі 240 орындық мамандандырылған санаториялық мектепке дейінгі мекеме — пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қараша айы;

9. «Рябинка» балабақшасына жапсыра салынған 60 орындық балабақша — пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қазан айы;

10. Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық №1 балабақша — пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қазан айы;

11. Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық № 2 балабақша — пайдалануға беру мерзімі 2014 жылғы қазан айы.