Биыл Ауғанстанда жүрген 10 мың АҚШ әскері елге оралады - Обама
Ауғанстандағы АҚШ әскері келер айдан бастап елге орала бастайды, деп Құрама Штаттар президенті Барак Обама мәлім етті. |
«Биылғы жыл соңына дейін біз Ауғанстаннан 10 мың адамды алып кетеміз. Келер жылы жазға дейін 33 мың әскери қызметкер үйіне оралады», - деді АҚШ президенті.
«Осыдан кейін біз әскер санын қысқарту процесін жүйелі түрде жүргізіп отырамыз, ал Ауғанстанның қауіпсіздік күштері жауапкершілікті өз мойнына алады», - деп атап өтті Б.Обама.
2014 жылға қарай өтпелі кезең аяқталып, ауған халқы өз қауіпсіздігі үшін өзі жауап береді, деп қосты АҚШ басшысы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін