Биыл бірқатар пән бойынша ҰБТ сұрақтарының үштен бір бөлігі жаңартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл бірқатар пән бойынша ҰБТ сұрақтарының үштен бір бөлігі жаңартылды

Биыл бірқатар пән бойынша ҰБТ сұрақтарының үштен бір бөлігі жаңартылды

Қазақстанда биылғы жылы бірыңғай ұлттық тестілеу 50 мыңға жуық тест сұрақтарын қамтиды,

  • 27 Мамыр 2014
  • 670
Фото - Caravan.kz

оның ішінде 14 мыңы жаңа сұрақ, дейді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

«Біздің деректер қорында 14 пән бойынша 170 мыңға жуық тапсырма бар, биылғы жылы оның шамамен 50 мың тест тапсырмасы пайдаланылады, оның 14 мыңы биыл әзірленген. Бұл жаңа тапсырмалар: 7,5 мың – қазақ тілді мектептер үшін, 6 мың 700 – орыс тілді мектептер үшін, деп ол бүгін президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Министр тест тапсырмаларын әр пән бойынша жаңарту пайыздығы осы пәнді таңдау және сұранысқа ие болуға байланысты.

2009-2013 жылдардағы ҰБТ қорытындыларына талдау барысы көрсеткендей, жиі таңдалатын пәндер физика, биология және география болып табылады. Осы пәндер бойынша тапсырмалар шамамен 30%-ға жаңартылған.


Тестілеу бес пән: математика, туған тілі (оқыған тілі), Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілді мектептер үшін) немесе орыс тілі (қазақ тілді мектептер үшін), таңдаған пәні (география, физика, биология, химия, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, шетел тілі жіне т.б.) бойынша жүргізіледі.