74 мың көлік әкелінген.
Бұл ресми автодилерлер әкелген көлікерден 4,4 есе көп. Бұл туралы «Бипэк Авто Қазақстан» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
«ЕАЭҚ шеңберінде қабылданған соңғы салықтық өзгерістер көлеңкелі импорттың артуына ықпал етті (…) Осы жерде үш-ақ цифрды атап өткім келеді: ресми делерлер 2015 жылдың басынан бері 16,7 мың дана көлік сатты. Сонымен қатар 74 мың көлік «көлеңкелі» жолмен әкелініп, тіркеуге алынды», — дейді компанияның бас директоры Игорь Потапов.
Оның айтуынша, 2006 жылдың осындай уақытында өркениетті рыноктан тыс 60 мың көлік сатылыпты.