Биыл қай өңірлерде жолды тасқын су шаю қаупі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.75
  • 523.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл қай өңірлерде жолды тасқын су шаю қаупі бар

Биыл қай өңірлерде жолды тасқын су шаю қаупі бар

Ел өңірлерінде көктемгі тасқын судың алдын алу шаралары басталып кетті.

  • 4 Ақпан
  • 4
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Жолдардағы жағдай туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр көктемде су тасқынында 178 жол бойын су шайды. Жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтті, сонымен қатар 2400 құбыр ауыстырылды. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Қазір қауіпті өңірлер қатарында Шығыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы бар. Біздің құзыретімізге көктем жақындағанда құбырларды тазалау, қосымша арықтар қазу, құм салынған қапшықтарды дайындау жатады. Бұл жұмыстар істеліп жатыр, — деді Дархан Иманашев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарындағы олқылыққа байланысты Орал қаласы мен Қаратөбе ауданы әкіміне (БҚО) сөгіс жарияланды. 

Сондай-ақ Атырау облысында көктемгі су тасқынына қалай дайындалып жатқаны туралы хабарлаған едік.