Биыл картоп пен қант қанша гектар аумаққа егілді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл картоп пен қант қанша гектар аумаққа егілді

Биыл картоп пен қант қанша гектар аумаққа егілді

Жалпы үкімет тарапынан егіс науқандарын ерте қаржыландыру тетігі енгізілді

  • 8 Маусым
  • 7
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл Қазақстандағы жалпы егіс алқабы 23,8 млн гектарды құрады, деп хабарлады үкімет.

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 180 мың гектарға артық.

Барлық аймақта жаппай егіс жұмыстарының басталғанға дейін топырақты дайындауға бағытталған міндетті агротехникалық жұмыстар жүргізілді: ылғалды сақтау, егіс алдындағы өңдеу және көктемгі жер жырту.

Ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша жүргізілген егіс жұмыстарының құрылымы келесідей:

дәнді дақылдар – 14,6 млн гектар;

майлы дақылдар – 4,2 млн гектар;

мал азықтық дақылдары – 1,2 млн гектар;

мақта – 166 мың гектар;

көкөніс дақылдары – 120 мың гектар;

картоп – 126 мың гектар;

бақша дақылдары – 84 мың гектар;

қант қызылшасы – 22 мың гектар.

Жалпы үкімет тарапынан егіс науқандарын ерте қаржыландыру тетігі енгізілді. Бұл механизм егіншілерге қажетті қаржы ресурстарын алдын-ала тартуға, тұқым, тыңайтқыш, өсімдіктерді қорғау құралдары мен техниканы ең тиімді бағамен уақтылы сатып алуға, сондай-ақ егіс жұмыстарын жүргізуге сапалы дайындалуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің маусымдық баға өсіміне тәуелділігі төмендейді, егіс науқанын оңтайлы агротехникалық мерзімде өткізу қамтамасыз етілуде.

2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінімдер қабылдау бұған дейінгіден ерте, 2025 жылдың қазан айында басталды. Жалпы, 2026 жылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жылдық 5% жеңілдікпен қаржыландыру үшін 750 млрд теңге бөлу жоспарланған.