Жарияланды: 50

Биыл Қазақстанда 8 миллион тонна астық артылып қалды

Биыл Қазақстанда 8 миллион тонна астық артылып қалды

2018 жылдың соңына дейін 10,8 миллион тонна астық тасымалдау көзделген еді.

2018 жылы Қазақстанда тоғыз ай ішінде жиналған астық көлемі 7,8 миллион тоннаны құрап отыр. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 43% көп. Бұл туралы Қазақстан теміржолы басшысының кеңесшісі Руслан Иманқұлов айтты, деп хабарлайды .

ҚТЖ басшысының кеңесшісі биыл Қазақстанда астық көлемі қанша болғанын айтып берді.

"Босатылған жүктерді ҚТЖ ұлттық компаниясы қамтамасыз етті. Бүгінде барлық жүк жөнелтушілердің тапсырыстарын орындап, осыған сәйкес компания барлық тиісті іс-шараны жүзеге асырып отыр. Теміржолшылардың белсенді әрекеттерінің арқасында бүгінде көптеген оң нәтежеге қол жеткізіп отырмыз. 9 ай ішінде 8 миллоннан астам тонна астық артылды", — деді Руслан Иманқұлов Sputnik Қазақстан мультимедиялық орталығында өткен брифинг барысында. 

Қазақстан астықты Орталық Азия елдері, Иран, Ауғаныстан, Қытай және Ресей сынды елдерге дәстүрлі түрде жетізіп отырады. Толықтай алғанда 2018 жылдың соңына дейін 10,8 миллион тонна астық тасымалдау көзделген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 27% артық.

"ҚТЖ" ҚҰ" АҚ астықты тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі штаб жұмыс істесе, жедел астық топтары белсенді қимылдайда. Республиканың барлық өңіріндегі трейдерлермен, астық иелерімен жиі кездесулер өткізілетін болады.

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге алыс және жақын шет елдерге өз өнімдерін тасымалдауға жеңілдетілеген тарифтер қарастырылған. Сонымен бүгінгі таңда Ауғаныстан мен Иранға арналған астық пен ұн тасымалына жеңілдетілген тариф белгіленген.

"Мұндай шаралардың барлығы елдің ішінде, сонымен бірге экспортқа әлеуметтік-маңызды жүктерді тасымалдау жөніндегі сапалы қызмет көрсетуге оңды ықпал жасайды", — деп атап өтті Руслан Иманқұлов.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть