Жарияланды: 980

Биыл Қазақстанда қатарынан 7 жетімдер үйі жабылған

Биыл Қазақстанда қатарынан 7 жетімдер үйі жабылған

2015 жылы Қазақстанда қатарынан 7 жетімдер үйі жабылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында

Президент жанындағы Отбасы жəне əйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Бауыржан» қоғамдық қайырымдылық қорының директоры Жұлдыз Омарбекова мəлім етті.

Осылайша, Қазақстандағы балалар үйінің саны 195-тен 188-ге дейін  азайған.

«Биыл Қазақстан 7 жетімдер үйі жабылды. 2011 жылы біздің қорымыз «Жетім балаларға не керек?» деген сауалнама жүргізген. Сауалнама қорытындысы бойынша балаларға ең керегі  - көңіл екен. Өкінішке орай, жетімдер үйінде тəрбиешілер барлық балаға бірдей көңіл бөліп үлгермейді. Оң мен солды күнде айтып отыратын адам жоқ, себебі,тəрбиешілердің уақыты жоқ. Кезінде Дариға Нұрсұлтанқызы өте дұрыс айтты, кеңес үкіметінен қалған 200-300 орындық жетімдер үйін жауып, олардың орнына шағын-шағын отбасылар құру керек. Мысалы, Жамбыл облысында 10 отбасы типтес үйлер ашылды, Қызылордада балалар қалашығы салынды»,-дейді Ж.Омарбекова.

Қайырымдылық қорының басшысы тағы бір қуантарлық жаңалық жеткізді - Қазақстанда жетім балалардың саны  да азайып келеді екен. «Жетім балалардың саны мың бүлдіршінге кеміді. Қазір Қазақстан бойынша 32 362 жетім бала тіркелген»,-деп толықтырды ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін