Биыл студенттер ЭКСПО үшін оқу жылын ерте аяқтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл студенттер ЭКСПО үшін оқу жылын ерте аяқтайды

Биыл студенттер ЭКСПО үшін оқу жылын ерте аяқтайды

Астана әкімдігі биылғы оқу жылының мерзімін қысартуды ұсынды. Себебі алда халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі

  • 5 Қаңтар 2017
  • 735
Фото - Caravan.kz

Астана әкімдігі биылғы оқу жылының мерзімін қысартуды ұсынды. Себебі алда халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі өтеді. Ал студенттер еріктілер ретінде жұмыс атқарады. Олардың жатқханалары қонақтарға беріледі, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Informburo.kz порталына сілтеме қойып.

Әкімдіктің түсіндіруінше, елорданың жоғары оқу орындарының жатақханаларын көрме қонақтарына беру жоспарланып отыр екен. Көрме 10 маусымда басталады. «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін көрмеге 2 миллион турист келеді деп күтілуде.

«Қазіргі кезде қалада жоғары оқу орындарында 17 жатақхана бар екені анықталды. Ол жатақханаларда 7,3 мың жатын орын бар. Қонақтарды сол жерлерге орналастыруды көздеп отырмыз», – деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Студенттерді көрме кезінде ерікті ретінде жұмыс істету үшін оқу процесінің уақытын қысқартпақшы.

«Бүгінгі күні бұл мәселе үкіметтік деңгейде қаралып жатыр. Одан бөлек, біздің студенттер халықаралық көрме кезінде ерікті ретінде жұмыс істеп көмектесетін болады. Ал жатақхана қонақтарға беріледі», –деп түсіндірді жергілікті әкімдік.


Жатақхананың бағасын университеттердің өздері анықтайды. Ал одан түскен ақша сол оқу орындарының бюджетіне түспек.

«Жатақханалардың бағасын жоғары оқу орындарының өздері анықтайды. Бірақ бағасы хостелдердің бір күндік бағасынан аспауы тиіс. Ал түскен ақша оқу орындарының өздерінде қалатын болады», – дейді Астана әкімдігі.

Естеріңізге сала кетелік, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді, көрмеге шамамен 5 миллион адам келеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар