Биыл табиғи ортаға 78 млн құнды балық жіберіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл табиғи ортаға 78 млн құнды балық жіберіледі

Биыл табиғи ортаға 78 млн құнды балық жіберіледі

Бұл туралы бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

  • 23 Тамыз 2019
  • 7
Фото - Caravan.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде «Браконьерлікпен күресу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шарада ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев балық шаруашылығы мәселесін көтерді. Ол Қазақстандағы балық ресурстарының өсімін молайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың көрсеткіштерін атады.  Вице-министрдің мәліметінше, 2019 жылы табиғи ортаға 78,4 миллион құнды балық түрлерін жіберу жоспарланған. 

«Биылғы жылдың 7 айында 53,5 миллион құнды балық түрлерінің шабақтары өсіріліп, табиғи ортаға жіберілді. Оның ішінде 7 миллион — бекіре шабағы. АӨК мемлекеттік бағдарламасы аясында балық өсіру, яғни акваөсіру көлемін 1,5 мыңнан 5 мың тоннаға жеткізу болжанып отыр. Биыл 3 мың тонна тауарлы балықты өсіру жоспарлануда», — деді Ерлан Нысанбаев.



Вице-министр журналистерге балық аулау лимитін игеру туралы да ақпарат берді. 2019 жылы министрлік 51,8 мың тонна көлемінде лимит бекітті, биылғы жылдың 7 айында оның 17,4 мың тоннасы ауланды. Балық ресурстарын пайдаланғаны үшін республикалық бюджетке 307,4 миллион теңге түсті.

Соңғы жаңалықтар