Биыл жол апатынан қаза тапқандардың әрбір үшіншісі - жаяу жүргінші
![]() |
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 9 айында жол-көлік апатынан 1700-ден астам адам қаза тапты. |
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев мәлім етті.
«2015 жылдың 9 айында шамамен 14 мың жол-көлік апаты тіркеліп, оның салдарынан 1700-ден астам адам қаза тапса, 17 мыңнан астамы жарақат алды», - деді ол.
Оның айтуынша, жол-көлік апатынан қаза тапқандардың әрбір үшіншісі - жаяу жүргіші. Ал жол апаттарының жартысынан астамы жаяу жүргіншіге арналған жолақ жоқ жерлерде орын алған. Яғни, адамдар жолдың белгіленбеген бөлігінен жиі өтіп, соның салдарынан қайғылы оқиғалар орын алуда. Дегенмен, еліміздегі көлік санының арта түсуіне қарамастан соңғы 2 жылда жол-көлік апаттары біршама төмендеп отыр.
«Мәселен, егер 2013 жылдың қорытындысында жол-көлік апаттарының саны 65 пайызға артып, қаза тапқандар 0,5, ал жарақаттанғандар 71 пайызға көбейген болатын. Өткен жылы болса жол-көлік апаты 13 пайызға, апат салдарынан қаза тапқанар 15, жарақаттанғандар 13 пайызға төмендеді. Дәл осындай оң үрдіс ағымдағы жылы да байқалуда», - деді Ә.Кеңесбаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін