Биылдан бастап еліміздегі көпқабатты үйлер тұрғындардың өз жинақ есебінен жөнделеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылдан бастап еліміздегі көпқабатты үйлер тұрғындардың өз жинақ есебінен жөнделеді

Биылдан бастап еліміздегі көпқабатты үйлер тұрғындардың өз жинақ есебінен жөнделеді

Бұл  бастама  «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша іске аспақ.

  • 3 Қаңтар 2018
  • 138
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 24.kz хабарлайды. 

Қанатқақты жоба аясында тозығы жеткен үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Салынғанына 25 жыл болған үйдің қазіргі кейпі қандай?

Бұл үйді жұрт жертөлесі қалдық судан арылмағандықтан «Титаник» деп атанып кеткен. Ал қазіргі көрінісі мүлде өзгеше. 5 жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілді.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында үйді қайта жаңғыртуға 73 миллион теңге несие бөлінген. Бұл шығынды тұрғындар 15 жыл ішінде қайтаруы тиіс. Төлем жағынан көпбалалы отбасыларға жеңілдік  қарастырылған.  

Ольга Кек, қала тұрғыны:

– Үйіміз күрделі жөндеуден соң айтарлықтай  өзгерді. Мәселен,   жөндеу кезінде қымбат роботтандырылған жылу торабы орнатылды. Содан кейінгі жылуға да басқа тұрғын үйлерге қарағанда айтарлықтай аз төлейтін болдық. Дәлізден бастап түгелі түбегейлі жаңартылды.

Қысқа уақыт ішінде ғимараттың қасбеті мен келбеті, шатыры мен  жертөлесіне дейін жаңартылды. Үйдің жылу жүйесі де толықтай  ауыстырылған.


Азамат Қалдарбеков, басқарушы компанияның бас директоры:

– Мына жөндеу жұмыстарының төлемақысын уақытылы төлеу үшін жағдайы төмен отбасылар ТКШ қазорталығы есебінен 23 млн-ға мемлекеттік жәрдемақы төленген болатын. Сондықтан төленетін құны айына 800-1000 теңгеден аспайды.

Осылайша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы көпқабатты ескі үйлерді қалпына келтіруді қолға алмақ. Олар тек ипотекалық компаниялар қарауындағы үйлерге жөндеу жүргізеді. «Себебі қаржы тұрғындардың жинақтау есебінен ұсталады», – дейді мамандар.
 

Соңғы жаңалықтар