Жарияланды: 650

Биылдан бастап мектептегі тегін тамақ беру жүйесі тоқтатылады

Мектеп асханалары мейрамхана дәрежесіне теңестірілмейтін  болды! Ұзақ талқылаудан кейін Ұлттық экономика министрілігі оқу орындарындағы асхананаларды жалға беру ақысын төмендетуді ұйғарып отыр. Әйтпесе, наурыз айында жаңа ережеге сай, мемлекеттік мекемелерге тиесілі тамақтану орындарын жалдау құны 900 пайызға өскен еді. Тағы бір өзгеріс – биылдан бастап мектептегі тегін тамақ беру жүйесінің тоқтатылғаны мәлім.

Бірінші, екінші тамақ және бір стақан компот, не сүт - бұл бұған дейін ел мектептеріндегі асханада берілген ас мәзірі болатын. Ең бастысы – тегін. Бірақ жаңа оқу жылынан бастап, енді ондай жомарттыққа жол жоқ. Егер бала мектепте тамақтанғысы келсе, оның ақысын ата-анасы төлеуі тиіс,. Оған бюджеттен ақша бөлінбейді.

Шамшырақ Сайғалиева, Ақтөбе облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы: 

- Өткен жылы бір оқушының тамағы үшін күніне 153 теңге бөлінетін. Биыл енді ондай жүйе алынды. Бұл мүлдем тамақ болмайды деген сөз емес. Бірақ асханалар енді ақылы жұмыс істейді. Дегенмен, біршама жеңілдіктер де қалдырылған.  

Маманның меңзеп тұрғаны – бұл тұрмысы нашар және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға қатысты жеңілдік. Яғни, тегін тамақтану құқығына биыл тек солар ғана ие болмақ. Бұған бюджеттен бір оқушының бір реттік асы үшін күніне 100 теңгеден 300 теңге аралағында қаражат бөлінбек. Ал ақылы астың құны әзірге бекітілген жоқ. Қазақ тағамтану академиясы тегін астын мәзірін ғана жасап отыр.

Сәтбек Мұсабеков, Қазақ тағамтану академиясының бөлім жетекшісі:

- Күнделікті тағамның 35 пайыз құндылығын қамтамасыз ететіндей қылып. Бұл – 1-4 сынып оқушыларына 600 ккалория, 5-8 сынып балаларына 730 ккалория, 810 ккалория 8-11 сынып балаларына. Бұл қайталап айтамын көн көрісі төмен балаларға арналған.

Дегенмен биылғы оқу жылында болатын тағы бір өзгеріс – асхана  ақысына қатысты. Бұдан былай білім ордасындағы тамақтану орынын жалға беру құны кешеннің шаршы метріне қарай бағаланбақ. Қайта бұл жеңілдетілген түрі екен. Әйтпесе, Ұлттық экономика министрлігі наурыз айында мемлекеттік мекемелерге тиесілі асханалардың жалдау құнын 900 пайызға көтеруге пәрмен берген еді. Бірақ ұзақ талқылаудан кейін шешім өзгертіліп отыр. Онда да тек мектептерге ғана қатысты.

Ляна Турсынова, кәсіпкер:

- Бұл жерде асхананы алганымен кәсіпкер, біраз шығынға батады. Тіпті кей мектептерде жөндеу жұмысы да жүргізілгемеген болып жатады. Барлығын өз ақашамызға жасаймыз. Сондықтан жеңілдіктің жасалғаны дұрыс. Бірақ заң солай болса, солай еңбек етеміз, қайтеміз.

Сөйтіп, асхана тағамының бағасы оның жалдау ақысына байланысты өсейін деп тұр. Мәселен, бұрын бір бәліш 80 теңгеден сатылған, енді оның құны 200 теңгеге жетуі мүмкін. Бұл, әрине, ең бірінші ата-ана қалтасына ауыр соққы.

      

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін