Биылдан бастап ҰБТ тапсыратын бір топтағы оқушылар саны 600 адамнан аспайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылдан бастап ҰБТ тапсыратын бір топтағы оқушылар саны 600 адамнан аспайды

Биылдан бастап ҰБТ тапсыратын бір топтағы оқушылар саны 600 адамнан аспайды

Биылдан бастап ұлттық бірыңғай тест тапсыратын бір топтағы оқушылар саны 600 адамнан аспайды.

  • 15 Мамыр 2015
  • 403
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлім етті.

«Өздеріңіз де білетіндей, бұған дейін бізде жыл сайынғы ҰБТ  тапсырушылардың бір тобындағы норма 800 адам болатын. Бұл өте байыпты сан. ҰБТ-ның әрбір пунктіне 800 адамды өткізіп, отырғызып, тест сұрақтарын тарату өте көп уақытты алатын. Бірқатар қиындықтар  туындайтын», — деді ол.

Оның атап өтуінше, осындай күрделі қиындықтардан кейін ҰБТ тапсыру уақыты ұзартылған.


«Бұған қоса, біз ҰБТ  тапсыратын топтың шекті деңгейін 600 адамға  дейін төмендетеміз. Яғни, ең көбі 600 адам болуы қажет. Мұнан аз болса да болады, бірақ аспауы тиіс», — деді С.Нүсіпов.