Жарияланды: 420

Биылғы 9 айда оңтүстікқазақстандықтар 2800-ден астам қару тапсырды

Биылғы 9 айда оңтүстікқазақстандықтар 2800-ден астам қару тапсырды

Ағымдағы жылдың 9 айының ішінде оңтүстікқазақстандықтар 2873 қару тапсырды.

Травматикалық қаруды тапсыру акциясы кезінде ішкі істер органдарына 2770 азамат келді. Олар травматикалық 2873 қару тапсырған. «Бұл 96 пайызды құрап отыр. Өте жақсы белсенділікті атап өтуге болады», - деп баяндады ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасындағы лицензиялау тобының инспекторы Асхат Шарафутдинов.

Акция жыл басында басталған. Бірінші айларда азаматтар небәрі бірнеше ондаған қаруды тапсырған, ал жылдың ортасына қарай оңтүстікқазақстандықтар қарудан белсендірек арыла бастады. Айта кетейік, заңсыз сатып алынған қару үшін жақсы сыйақы алу мүмкін болған. Осылайша, ішкі істер департаменті «Оса» тапаншасы үшін 44 мың теңге төлесе, МП-355 қаруы үшін 250 мың теңгеге дейін алу мүмкін болған.  Бүгінде облыс тұрғындарына 106 млн. жуық теңге төленген.

Қаржылай сыйақыны полицейлерге қарумен бірге жеке басын куәландыратын құжатты, қаруды ұстауға рұқсатты ұсынған адамдар ғана алды, ал лицензияның мерзімі өтіп кеткен жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеген. Егер травматикалық қару иесінің оған лицензиясы болмаса, ақшалай сыйақы берілмейді. Ішкі істер департаментінде оңтүстікқазақстандықтарды қарусыздандыру аймақтағы жағдайға оң әсерін тигізіп, әсіресе жастар арасындағы қылмыстың алдын алудың тиімді әдісі болмақ. Атап өтейік, травматикалық қаруды тапсыру бойынша акция 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін