Жарияланды: 800

Биылғы алғашқы жарты жылдықта еліміз әскерлері қатарындағы әскери қылмыс деңгейінің төмендеуі 54%-ті құрады

Еліміз әскерлері қатарындағы әскери қылмыс деңгейі биылғы алғашқы жарты жылдықта 54%-ке төмендеді. Ал 2002-жыл бойына бұл көрсеткіш 32%-ті құраған болатын. Бұл туралы Бас әскери прокуратурасының кеңейтілген коллегия отырысында ҚР бас әскери прокурорының жемқорлықпен күрес заңдылықтарының орындалуына бақылау қою жөніндегі аға көмекшісі Әскер Әлиев хабарлады.

Оның айтуынша, әскери прокуратура, әскери әділеттілік және әскери басқару мекемелерінің өзара үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында Қазақстан Қарулы күштерінде, басқа да әскери құрылымдар мен жасақтарда әскери тәртіп пен құқықты нығайтуда оңды өзгерістер болды. Мәселен, ҚР қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып офицерлік қылмыстардың алдын-алу жөніндегі шешімді жүзеге асыру нәтижесінде есепті мерзімде осындай қылмыстық көрсеткіш 48-ке кеміді. Прокуратурада хабарлағанындай, 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында әскери құқық қорғау мекемелері тіркеген немесе әшкерелеген сыбайлас жемқорлық қылмыстары өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 51,5%-ке азайды. Қазақстан әскері қатарындағы жарақаттану салдарынан болатын адам шығыны 19,6%-ке, әскери емес себептермен болған шығындар 50%-ке, әлімжеттік жасау оқиғаларының кесірінен болатын адам шығыны 62%-ке азайды. Қазір "ҚР әскери полициялық мекемелері туралы" заң жобасы жасалған. ҚР бас прокуратурасының ұсынысымен бұл заң жобасы үкіметтің үстіміздегі жылдың екінші жартысына белгіленген заң жобалау жұмыстарының жоспарына қамтылыпты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін