Жарияланды: 20

Биылғы көрсеткіш. Қазақстандықтар ұшақпен 5 айда 3 миллион адам ұшқан

Биылғы көрсеткіш. Қазақстандықтар ұшақпен 5 айда 3 миллион адам ұшқан

"Азаматтық авиация комитетінің өкілдері жолаушылар қозғалысының статистикасын жариялады.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Департамент келтірген мәлімет бойынша, 2018 жылы Қазақстанның азаматтық авиациясында жолаушылар тасымалының өсу қарқыны сақталып отыр.

"2018 жылдың 5 айы ішінде тасымалданған жолаушылар саны 3 миллион адамға жетті, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға көп. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әуежайлары биылғы 6 айда 6,5 миллион адамға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіште өткен жылғы сандардан 12 пайызға артып отыр" , - делінген ААК-ның Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында. 

Осы орайда, 2017 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласында тасымалданған жолаушылар саны 7,4 миллион болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 23 пайызға артып, рекордтық өсім көрсеткендігін атап өткен жөн.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть