Биылғы күзде Қазақстан әскерінің қатарын мыңнан астам жамбылдық сарбаз толықтырады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы күзде Қазақстан әскерінің қатарын мыңнан астам жамбылдық сарбаз толықтырады

Биылғы күзде Қазақстан әскерінің қатарын мыңнан астам жамбылдық сарбаз толықтырады

Күзде әскерге шақырылғандардың алғашқы легімен әскери борышын өтеуге 240 жамбылдық аттанады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі Жамбыл облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен.

  • 12 Қараша 2014
  • 320
Фото - Caravan.kz


2014 жылғы күзде ҚР Қарулы Күштерінің қатарын мыңнан астам жамбылдық толықтырады. Олар негізінен Шекара қызметі, Ұлттық гвардия әскерінде және Қарағанды, Өскемен, Алматы, Талдықорған, Семей қалаларындағы ТЖМ бөлімшелері мен «Оңтүстік» аймақтық әскери бөлімшелерінде өз борыштарын өтейтін болады. Әскер қатарына шақырылғандарды бөлімшелерге бөлу кезінде олардың осы кезге дейін алған білімдері есепке алынбақ. Жоғары және орта кәсіби білімінің болуы құпталады.

Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының бірінші орынбасары Мұрат Дәулетбақовтың сөзіне қарағанда, әскери бөлімдердің жеке құрамдарын құрамдау жыл соңына дейін аяқталады. Жамбыл облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент республикадағы өзге департаменттердің ішінде екі жыл қатарынан көш бастап келеді, деп атап өтті ведомствода.

ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпаратынша, биылғы күзде Қазақстанда 12 мың азамат әскери борышын өтеуге шақырылады.