Биылғы жылдың 4 айы ішінде Қырғызстанның сауда алаңдарында 2 млрд сомға құнды қағаздардың мәмілелері жасалған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы жылдың 4 айы ішінде Қырғызстанның сауда алаңдарында 2 млрд сомға құнды қағаздардың мәмілелері жасалған

Биылғы жылдың 4 айы ішінде Қырғызстанның сауда алаңдарында 2 млрд сомға құнды қағаздардың мәмілелері жасалған

Бішкек. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Биылғы жылдың 4 айы ішінде Қырғызстанның сауда алаңдарында 2 млрд сомға құнды қағаздардың мәмілелері жасалған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Қаржылық бақылау қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 9 Мамыр 2008
  • 411
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәмілелердің көлемі 1 млрд 996 млн 767 мың сомды құраған.

Сонымен, биылғы жылдың 1 қаңтары мен 7 мамырының аралығында «Қырғыз қор биржасы» ЖАҚ құнды қағаздардың 1 361 мәмілесін тіркеген. Ал сауда көлемі мемлекеттік қазыналық вексельдерді есептегенде 1 млрд 861 млн 763 мың сомды құраған. «Биржалық сауда жүйесі» ЖАҚ осы аталған мерзімде көлемі 26 млн 429 мың сомды құрайтын 1 149 мәміле тіркеген. «Central Asian Stock Exchange» ЖАҚ алаңында 72 мәміле жасалған. Ал сауда көлемі 108 млн 574 мың сом.

1 доллар = 36,5 сом.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті