Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы инфляция деңгейі 3,3 пайызды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы инфляция деңгейі 3,3 пайызды құрады

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы инфляция деңгейі 3,3 пайызды құрады

Биылғы наурыз айында Қазақстандағы инфляция деңгейі 1 пайызды құрады.

  • 1 Сәуiр 2014
  • 842
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, өткен айда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 1%, азық-түлік — 1,3%, ақылы қызмет құны 0,5% қымбаттаған.

Жыл басынан бері (2014 жылдың наурызы — 2013 жылдың желтоқсаны) инфляция 3,3%-ды құрады. Осы уақыт аралығында азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,3%, тамақ — 3,2%, ақылы қызмет құны 3,3% қымбаттаған.

Орта есеппен алғанда, наурыз айында Қазақстанда көкөніс 7,5%, картоп – 6,8%, құмшекер – 6%, жемістер – 4%, сірімшік – 3,7%, сүзбе, балық пен теңіз өнімдері – 1,8%, күріш – 1,7%, сұлы жармасы – 1,4%, шұжық, ект өнімдері 1,2%, сүт – 1%, қышқыл-сүт өнімдері, ұн – 0,9%, нан, алкогольсіз сусындар, сары май – 0,8%, бидай жармасы, макарон өнімдері – 0,4% қымбаттапты.

Жұмыртқа керісінше, 2,8%, қарақұмық жармасы – 1,5%, күнбағыс майы – 0,6% арзандаған.


Автокөлік бағасы 1,9%, жиһаз бен үй бұйымдары – 1,8%, үй жөндеу материалдары – 1,7%, жеке қолданыстағы тауарлар – 1,6%, жуу және тазарту құралдары – 1,4%, фармацевтика өнімдері – 1,3%, киім мен аяқ-киім бағасы 0,9% өскен.

Қымбатшылық темір жол, ақылы қызмет пен денсаулық сақтау саласын да айналып өтпепті. Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушы пойыздарының билеті 4,3%, шаштараз бен жеке қызмет көрсету мекемелерінің бағасы 3,5%, денсаулық сақтау қызметі – 2%, мейрамханалар мен қонақ үйлердің тарифтері 0,8%, тұрмыс қалдықтарын шығару – 5,2%, үйді күту шығыны – 0,2% қымбаттаған.