Биылғы жылу маусымының мәселелерін реттеу жөніндегі мекемеаралық жұмыс тобы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биылғы жылу маусымының мәселелерін реттеу жөніндегі мекемеаралық жұмыс тобы құрылды

Биылғы жылу маусымының мәселелерін реттеу жөніндегі мекемеаралық жұмыс тобы құрылды

Астана. 7-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың жетекшілігімен биылғы жылу маусымының мәселелерін реттеу жүктелген мекемеаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы кеше үкіметте көмірді жеткізу мәселелеріне қатысты өткен жиналыс барысында хабарланды.

  • 7 Қараша 2007
  • 424
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жұмыс тобының құрамына индустрия және сауда, көлік және коммуникация министрліктерінің, табиғи монополияны реттеу агенттігінің және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшылары кірген.

Жиналысқа министрліктердің, мекемелердің басшылары, барлық облыстармен бірге Астана және Алматы қалаларының әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ, ірі көмір разьездерінің басшылары қатысқан.

«Мемлекет бойынша жалпы алғанда биылғы жылдың қараша айына дейін пеш, жылу жолдары, су құбыры және кәріз жүйелерін жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстар іс жүзінде аяқталды», — деп ақпарат таратты баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті