Жарияланды: 420

Біз энергетика мәселелеріне назар шоғырландыруға тиіспіз - Молдова президенті

Бішкек. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Біз энергетика мәселелеріне назар шоғырландыруға тиіспіз. Бұл туралы Молдова президенті Владимир Воронин ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, "2009 жылы энергетиканы шешуші сала ретінде айқындау мәселесі айрықша өзекті. Барлық елдер де энергетикалық проблемаларды шешу мақсатында жұмыс істеп, оған септігін тигізуге дайын". Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Бішкекте "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің жиналысы өтуде. ТМД мемлекет басшылары Қырғызстан астанасына кеше кешке келген. Саммитке Өзбекстан мен Украина президенттерінен өзге барлық мемлекет басшылары қатысуда. Олар Бішкекке өз ресми өкілдері жіберген. Әзербайжан өкілдерін премьер-министр, Украина делегациясын - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы басқаруда. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін