Біздің футболшылар мынадай бапкерлермен грузин жігіттерінің жетістігін ешқашан қайталай алмайды - журналист - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біздің футболшылар мынадай бапкерлермен грузин жігіттерінің жетістігін ешқашан қайталай алмайды - журналист

Біздің футболшылар мынадай бапкерлермен грузин жігіттерінің жетістігін ешқашан қайталай алмайды - журналист

Ал бапкеріне қазақ тілінде сұрақ қоя алмайтын балада қазақтың рухы қайдан болсын?

  • 28 Маусым
  • 44
Фото: 1bol.kz

Қазақстандық журналист, қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің тілшіге “Сұрақты қазақша емес, орыс тілінде қой” деген талабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Әбенова Еуропа чемпионатына тұңғыш рет қатысып, азулы Португалияны ұту арқылы плей-офф кезеңіне шыққан грузин спортшыларын мысал ретінде келтірген. 

«Грузин жігіттеріне қарап отсам, олардың бәрі 2000 жылдары туған екен. Олардың мұнайы да жоқ, мемлекет оларды шетелде оқытпайды, оларда біздің балалардағыдай мүмкіндік де жоқ. Мен Грузиядағы теннис орталықтарында болдым. Егер өзімізбен салыстырсақ, онда біздегі корттардың, құрал-жабдықтардың деңгейі өте жоғары. Елордада ғана емес, өңірлерде де сондай. Бұл грузин балаларының түсіне де кірмейді. Себебі оларда бәрі ескі, кеңестік заманнан қалған. Есесіне бапкерлері қандай десеңші! Қалай рухтандырады! Содан шабыт алған балалар кортта ұшып жүргендей көрінеді!  Олардың бапкерлері ешқашан «маған грузин тілінде сұрақ қойма» деп айтпайды. Ешқашан!» – деді ол.

Қоғам белсендісі біздің футболшылар жалдамалы бапкерлермен ауыз толтырып айтарлық жетістікке жете алмайтынын да тілге тиек етті.

«Біздің футболшылар мынадай жалдамалы бапкерлермен грузин жігіттерінің жетістігін ешқашан қайталай алмайды. Ешқашан! Себебі жеңіс техниканың емес, патриотизмнің, Отанға деген махабаттың, халық алдындағы жауапкершіліктің арқасында келеді. Қазақтың рухы болмаса, онда нәтиже күтудің де қажеті жоқ… Ал бапкеріне қазақ тілінде сұрақ қоя алмайтын балада қазақтың рухы қайдан болсын?! Футболда халқыңның тіліне тыйым салынса ше?» – деп қынжылды Әбенова.

Естеріңізде болса, Қазақстан құрамасына бас бапкер болып тағайындалған Станислав Черчесов тілшілермен кездесу барысында қазақ тілінде сұрақ қойған журналистен орысша сөйлеуді талап еткен болатын.