Жарияланды: 8000

«Біздің дәстүрді, біздің тілді сыйламау сіз үшін ұят». Депутат Қор басшысының бетіне қатты айтты (ВИДЕО)

«Біздің дәстүрді, біздің тілді сыйламау сіз үшін ұят». Депутат Қор басшысының бетіне қатты айтты (ВИДЕО)

Мұны көрген көпшілік «орыс тілді шенділерге дәл осылай тура бетіне айтатын депутат бізде бар ма», деп қызықты.

Оқиға көрші Қырғызстанда болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жогорку Кенеш депутаты Құндысбек Сүлейменов Туризмді қолдау және дамыту Қорының басшысы Елена Калашниковаға былай деді:

Сүлейменов: Калашникова ханым, бұл жерде сіздің сала бойынша мәселе қаралып жатыр. Дұрыс қой, Сіз бірдеңе түсіндіңіз бе?

Калашникова: Менің тіл түсіну қабілетімді тексергіңіз келе ме, туризмді дамыту керектігіне келісемін. Және қазір дәретхана салу қажетілік, әрине қымбаттау. Біздің туризмді дамыту мәселесі бойныша ортақ ойымыз болғанына қуаныштымын.

Сүлейменов: Сіздің бұл жерде (Қырғызстанда) тұрып жатқаныңызға қанша жыл болды?

Калашникова: 25 жыл.

Сүлейменов: Онда неге тіпті қырғызша амандасуды да білмейсіз? Сіздің кешегі баяндамаларыңыздан-ақ тіпті қырғызша амандасуды да үйренбегеніңіз көрініп тұр. Сөйте тұра қырғыз туризмін дамытқыңыз келеді. Бұл сізге бір түрлі көрінбей ме?

Калашникова: Мен қырғыз туризмін шетелде дамытқым келеді. Ал егер тілді бірінші кезекте үйрену керек болса...

Сүлейменов: Ал неге тілді үйрену бірінші қажеттілік деп есептемейсіз? Неге осы күнге дейін қырғыз тілін білмейсіз? Тіпті тырысып жүргеніңізді байқатсаңыз ғой. Мына жерде отырып, өзіңізді ұстауыңыз... ештеңемен салыстырғым келмейді... Осындай қызметте отырып біздің дәстүрді, біздің тілді сыйламау сіз үшін ұят болу керек. Біз мұны халық қалаулысы ретінде бетіңізге айтуға тиіспіз. Бұл сіз үшін кемшілік. Қазір мен сізге қырғызша сөйлей бастасам сіз ештеңе түсінбейсіз және жауап бере деалмайсыз. Мен оны білемін. Оны кешеден бері байқап жүрмін. Басшы ретінде ұят болу керек.

Видеоны көрген көпшілік "шіркін-ай біздің қазақта да осылай биліктегі орыстардың бетіне айтатын батыл депутаттар болса ғой", "неге біздікілер орыс көрсе күмілжіп қалады" деген сынды пікірлер қалдырды.

 

Орыс тілді шенділерге осылай тура бетіне айтатын депутат барма, бізде????

Posted by Гүлшат Расул on Thursday, June 30, 2022

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін