Біздің де өзіміз тұратын үйіміз, түрлі-түрлі киіміміз болған... - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біздің де өзіміз тұратын үйіміз, түрлі-түрлі киіміміз болған...

Біздің де өзіміз тұратын үйіміз, түрлі-түрлі киіміміз болған...

Куәгердің жазбасы.

  • 26 Маусым 2019
  • 71
Фото - Caravan.kz

Арыс қаласындағы жарылыстан кейін абыр-сабырға түскен халықтың ішінде куәгерлер көрген-білгендерін жазып, видео және фотоларын әлеуметтік желіде жүктеп жатыр. Солардың бірі және куәгер Таңшолпан есімді ана өзінің инста парақшасында осылай деп жазба қалдырған:

Кеше №54 мектепке барып тізімге тізілдім. Мен, қайным, қайын сіңлім, қызым төрт адам келдік деп. Сосын кішкентайың бар екен осында памперстер бар, жейтін тәттілер бар, біреудің үйінде жатқандар да алып кетіп жатыр деді.

Сонымен, қолыма талон берді. Кезекте тұрмын, намыс ше қолыңда қағаз саған памперс, нан беретіні… Бір кезде бір апайды сол жердің мұғалімі жылатып қойды: «Сіз менен таңертең ғана жуынатын заттар алып кеттіңіз ғой, тоймайсыз ба? Ұят қой, неге келе бересіз», дейді.

Ал, Арыстық апай «Сені алдап нем бар енді, келіп тұрмын. Тамақ жасайтын вермешль берші…», ары қарай сөйлей алмай қалды… Сен сияқты жайбарақат тамақ тарқатып тұрған жоқпын. Жиған тергенімді бір минутта үйіме тастап, бала-шағаммен тентіреп жүрмін  деп…

Сондағы тамақ жасауға керек макарон аламын деп, халық жинап әкеп берген азық-түлкітен үлесін алғаны үшін сөз естіп жатыр. Әшейінде, видео түсіргіш мен, тек жай қарап қалыппын. Бір жағынан ұялып та тұрмын ғой, мен де талонмен тамақ алуға келгем.

Көршілерімізді әр жерден жолықтырып қалдым. Бір күнде мүсәпір болып қалдық қой дейді.

Рас, мүсәпір болдық та қалдық. Үй киіммен есік алдындағы магазинге бармайтын тәкаппар едік. Қазір үй киіммен кеше мектепке де, мешітке де бардым.

Мешітте, сыртынан қарап отырдым. Киім әкелген бір апай: «Өздерінше, ескі киімді менсінбейді, алмай жерге тастап тастаған», дейді. Аяқ киімдерді пары болса, ескі деп қарап жатқан жоқ әкетіп жатыр. 5 баласы бар әйел байғұс түгелдей алмай жүр бала-шағасына. Ауыстырып кигізетін бір сыпыра киім.


Аманатты табыстаушы жандар өз қалтасы емес халық әкеліп беріп жатқан киім, тамақты тарқатуда жылы жүзімен берсе екен…

Әлеуметтік желі айна ғой қазір. Түрлі нәрсені көріп отырмын. Жарылыс кезіндегі видеолардан жай сыртта жүрген адам көріп шошиды. Біз сол оттың ортасынан шықтық.

Сосын сондай жойқын жарылыстан екі адам ғана қаза табуы мүмкін емес секілді…

Сол күні қызым мен қайын сіңлім қолымда. Аман шығу үшін жылауға уақыт жоқ. Үйге келіп бәрін ұмытқандай болып жүре едім. Бүгін таңертең 5:30-дан бері ұйықтаған жоқпын. Болғанның бәрін есіме түсіріп, болып жатқанның бәрін ойлап бір жылап алдым.

Біздің де өзіміз тұратын үйіміз, түр-түрлі киіміміз болған…

                                                                                                                                             Ақпарат көзі: bugin.kz

Соңғы жаңалықтар