"Біздің эстрадамыз страшно! Жартысы плотник, жартысы сантехник" - Ерболат Құдайберген - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біздің эстрадамыз страшно! Жартысы плотник, жартысы сантехник" - Ерболат Құдайберген

"Біздің эстрадамыз страшно! Жартысы плотник, жартысы сантехник" - Ерболат Құдайберген

Ерболат Құдайберген берген сұхбатында рэперларды жоғары бағалайтындығы айқын байқалды. 

  • 20 Ақпан 2018
  • 2100
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz "Сөккен әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Бә-бә-бә-бә" деп ән шырқайтын "Жігіттер" тобы, қақиып тұрып ән айтатын Мақсат Базарбаев, еркекке тән емес дауыста ән салып, шетелге қазақты танытып жүрген Димаш Құдайбергенов деп атын атап, түсін түстеп берді. 

Әнші сұхбат барысында шетелге кеткісі келетінін де жасырмады. 

"Сиынатын болсақ арабша сиынамыз, жұмыста орысша сөйлейміз, шетелді тану үшін ағылшынша сөйлейміз, қазақ тілінде үйде ғана сөйлейміз".Таза қазақ тілінде сөйлеу үшін өзге ұлтты елден шығаруымыз керек дейді әнші.

Осыдан 10 жыл бұрын "Мен қазақпын!" деп әндетіп, бейнеклип түсіріп халыққа танылған Ерболат Беделхан бүгінде Ресейге барып, орыс тілінде клип түсірген. Айтуынша, әлемнің жартысы орыс тілінде сөйлейді, яғни аудиториясын кеңейту үшін бе, қазақты таныту үшін бе ол жағы белгісіз, бірақ орыс тілінде ән айтуды жөн көрген.  

"Мен қазақпын!" деп әндеткен амбицияға толы әнші неге өзгерген деген сұраққа "мен ол кезде бала едім, көзім жанып тұратын мықты патриот болатынмын, иә, әлі де патриотпын" деді. 


 

Соңғы жаңалықтар